ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ҚАРАЖАТ

14:11, 30 маусым 2020

Жеке кәсіп ашып, өз ісін дөңгелеткісі келетіндер қатары жыл сайын артып келеді. Осы орайда мемлекетте шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға бағытталған кешенді бағдарлама жүзеге асырылуда. 2018 жылдан бастап Еңбек бағдарламасы шеңберінде елімізде кәсіп ашамын деушілерге арнайы гранттар берілуде. Бүгінгі күні өңірімізде 230-дан астам адам қайтарымсыз қаражатқа қол жеткізген. Жас кәсіпкер Ярослав Михайлов 2 жыл бұрын жеке кәсібін ашуға бел буады. Балалар үйінің тәрбиеленушісі қолда бар қаражатқа құрал алып, тұрмысқа қажетті ағаш-темір бұйымдарын жасай бастайды. Бүгінде кішігірім шеберхана ашып, 2 адамға жұмыс беріп отыр. Мұндағы кейбір құрылғыларды ол өз қолымен жасаған. Айтуынша, сапалы өнім шығару үшін құралдар жетіспейді.  Сол себепті мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, қажетті жабдықтарға қол жеткізуді көздейді.  Бүгінгі күні Ярослав Михайлов бизнес жоспарын әзірлеп, жұмыспен қамту бөліміне ұсынған. Жұмыспен қамту орталығының кәсіптік оқыту бөлімінің басшысы Айнұр Бураханованың атап өткеніндей, биыл аталмыш бағдарламаға бірқатар өзгерістер енгізілген. Мәселен, 2018 жылы кәсіп ашамын деушілерге берілетін қаражат 250 мың теңге болса, биылғы жылы бұл сома 550 мың теңгені құрап отыр. Сонымен қатар биыл көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін талаптар жеңілдетілген. Олардың арнайы курстан өтпей-ақ, бизнес жоспарын қорғау арқылы грант алуларына болады.Ағымдағы жылы бағдарлама аясында 14 адам жобасын сәтті қорғаған. Қазіргі таңда «Бизнес бастау» жобасы аясында 60 адам «Кәсіпкерлік негіздері» курсы бойынша білім алуда. Шілде айының ортасында 70 адамға қайтарымсыз грант беру жоспарланып отыр. Жұмыспен қамту орталығы мамандарының айтуынша, егер қатысушы ақшаны мақсатсыз жұмсаса, ол заң шеңберінде тиісті қаражатты қайтарып беруге міндетеледі. Биылғы жылы бағдарламаны іске асыруға мемлекеттен 121 млн теңге бөлінген. Жоспар бойынша ағымдағы жылы 218 адамға грант беру жоспарланып отыр.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
14:15, 2 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...