ШҰҒЫЛ! РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ХИРУРГИЯ Толығырақ

ҚАЙРАТТЫ ЖАСТАР-2018

14:51, 21 мамыр 2018

Өскеменде жұмысшы жастар арасында байқау болды. Өңірдің ірі кәсіпорындарында еңбек етіп жүрген екі жүзден аса үміткер түрлі сыннан сүрінбей өтті. Дәстүрге айналған шараның биылғы деңгейін арна тілшілері де бағамдап қайтты.

«Қайратты жастар» байқауы биыл бесінші рет ұйымдастырылды. Шараның ауқымы жыл санап ауқымы кеңейіп келеді. Осы жолы 9 ірі кәсіпорынның жұмысшы жастары қатысты. Сол тоғыз команданың қатарында Павлодар, Қостанай өңірінен келген жұмысшы-жастар бар. Сайыста әрқайсысы шығармашылық, интеллектуалдық және спорттық қырларымен көзге түсуі керек. Сондай-ақ, қатысушылардың үздік музыкалық шығарма орындау, топты ерекше таныстыру сияқты бөлімдерде креативтілік танытуы ескерілді.

 

АРАЙЛЫМ ЕСІМБЕКОВА, ШҚО ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ДИРЕКТОРЫ:

«Өткен жылы республикалық деңгейде бұл шара үздік деп танылған болатын. Сондықтан әріптестер қызығушылық танытып, біз шақырту жіберіп, осылай келіп қатысып жатыр. Басты мақсатымыз – жұмысшы жастар арасында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және жастардың белсенділігін арттыру. Жәй ғана жұмысқа барып-келу емес, қоғамдық өмірге азаматтық белсенділіктерін арттыру мақсатында осы шараны өткізіп жатырмыз».

«Шығармашылыққа уақыт бола бермейді» дейді жұмысшы-жастар. Сондықтан бұл байқау олар үшін үлкен мүмкіндік.

ЕРКІН МҰРАТҰЛЫ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ:

«Қатты дайындалдық. Бізге барша жақтан көмектесті. Акимат жағынан көмектесті, сценарий жағынан. Және де біздің кәсіпорынның барлық цехтары бірлесіп, көмек көрсетті. Осы жастар саясатына көрсетіліп отырған көмекті өзіміз де көрдік. Және осыған өте қуаныштымын».

 

Еш команда ескерусіз қалмады. Сый-сияпатқа бөленіп, елдің қошеметіне кенелді. Бастысы, бұл шара жалындаған жастардың басы қосылған ерекшелігімен есте қалары анық.

МЕРУЕРТ РАСУЛОВА

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

17 МАУСЫМ - МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
15:25, 15 маусым 2018
17 МАУСЫМ - МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...