ШҰҒЫЛ! Семейде 65 адамды кене шаққан Толығырақ

Қадыр түні

18:09, 19 мамыр 2020

Биыл Қазақстан мұсылмандары Қадыр түнін үйде қарсы алады. Қасиетті түн бүгін, яғни мамырдың 19-нан 20-на қараған шағы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қадыр түні кезінде намаз, уағыз және дәрістер онлайн-режимде өткізілетінін мәлімдеді. Қадыр түнінің берекесі мол. Сол себепті, исі мұсылман үшін қастерлі.Бұрын мыңдаған мұсылман қауымы қасиетті түнде мешіттерде жиналатын. Бірақ, елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты биыл алғаш рет Қадыр түнінде мешіттер жабық болады. Сондықтан дін қызметкерлері азаматтарды үйде болуға шақырады. Елдегі төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін Үкімет мешіттердің жұмысын санитарлық нормаларды сақтай отырып қайта бастау туралы шешім қабылдаған-ды. Дегенмен, келушілерді шоғырландырмау мәселесі қатаң бақылауда. Сондай-ақ, діни қызметкерлер діни объектілерге барған кезде міндетті түрде маскалар, қолғаптар, мүмкіндігінше антисептиктерді пайдалану керектігін ескертеді. Намаз жасау үшін арнайы бөлінген орында 10 адамнан аспауы тиіс, ал "неке қию" діни жораларын орындау кезінде қатысушылардың саны 4 адамнан аспауы тиіс. Бұл Негізгі ережелер. Айта кету керек, әрбір 3 сағат сайын міндетті түрде мешіттерде дезинфекция жүргізіледі.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар