ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

Иванов оқулары

14:00, 13 мамыр 2019

Шемонаиха ауданында Белгілі сценарист, проза жанрының шебері, көпшілік кезінде сүйіп оқыған, сондай-ақ, қазірде оқырмандарын елітіп әкететін «Вечный зов», «Тени исчезают в полдень» және  «Ермак» шығармаларының авторы,  жазушы Анатолий Ивановты еске алуға арналған шара  өтті. Бұл кеш жазушының туған күні қарсаңында ұйымдастырылды.Дәстүрлі түрде өткізілетін «Иванов оқуларына» Қазақстанның түкпір-түкпірінен және көршілес Ресей елінен қатысушылар келді. Өлкетанушылар, әдебиетшілер мен жазушы Анатолий Ивановтың оқырмандары шығармашылығы жайлы пікірлерін ортаға салды.Шемонаихада жазушы атындағы саябақ бар. Ол жерде Александр Ивановтың мүсіні қойылған. Ал қалаға қарай шыға берісте Марья жартасында  «Тени исчезают полдень» романының кейіпкері Марья Воронованың ескерткіші тұр. Сонымен қатар «Анатолий Иванов атындағы қор» қоғамдық бірлестігі бар. Ал аудандық тарихи-өлкетану музейіне жазушының жеке заттары қойылған.Кездесуге жиналғандар болашақта Анатолий Иванов атындағы үй-жай музейін ашу мақсатында қаржы жинауды ұсынды. Ол музейде белсенділер өткен ғасырдың тұрмысын бейнелеп, жазушының жұмыс кабинетін жасауды жоспарлап отыр.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛАДЫ
20:00, 22 мамыр 2019
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...
БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
20:00, 20 мамыр 2019
БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...