ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Ішкі туризмді дамыту

15:40, 3 шілде 2019

Туризм әлемдік экономикада басты рөл атқаратын салалардың бірі. Мемлекеттік жалпы ұлттық өнімінде, халықаралық инвестицияда, әлемдік өндіріс көрсеткішіне ықпалды бағытты мемлекетіміз де ұстанып отыр. Елбасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспары туризм саласын дамытудың тетіктерін атап берді. Бұл орайда күнгейдегі Күршім ауданында биыл саяхатшыларға арналған тур басталды.Көшпенді қазақтың қыдырмаш мінезіне тән, жазғы саяхаттың да жолы ашық. Күршім туры ел-елден келген азаматтарды қабылдап, Марқакөл, Қиын-керіш сынды табиғаты тамсандырар орындарда қыдыртады. Саяхат нағыз қазақы өмірдің бай салтымен ұштасады дейді тур жетекшісі Рүстем Асқаров.Турдың басты мақсаты да еліміздің түкпір-түкпірінен келетін саяхатшыларға «жердегі марс» аталып кеткен «табиғат ескерткішін» таныстыру.300 гектар жерді алып отырған Қиын-керіш шатқалы әлдеқашан елдің сүйкімін оятқан. Америкадағы шөлді каньондар сияқты, өзінің қызыл топырақты құлама жарлары мен адырлардан тұратын аумақты Күршім ауданының туристік «визиткасы» десек артық емес.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар