ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ Толығырақ

ІРІ ҚАРА ӨСІРІП, ІРГЕСІН КЕҢЙТКЕН ШАРУАШЫЛЫҚ

14:27, 11 қыркүйек 2020

Шығыс Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық даму жағынан Ұлан ауданы көш басында келеді. Ауданда төрт-түлікті өсіріп, мал шаруашылығын өркендетіп отырған шаруа қожалықтары жетерлік. Солардың бірі Каменка ауылында орналасқан «Қайрат» шаруа қожалығы. Мұнда ірі қара өсіріледі. Әсіресе, бұл шаруашылықта сүтті бағыттағы асылтұқымды мал санын көбейтуге басымдық берілген. Ұлан ауданының Каменка ауылына жақын маңда «Қайрат» шаруа қожалығының базасы орналасқан. 2000 жылдардың бас кезінде құрылған қожалықтың иелігінде бүгінде мыңнан астам ірі қара бар. Оның 800-ге жуығы - аналық сиырлар. Шаруашылық иесі Асвад Усмаев 1991 жылы Шешенстан Республикасынан келіп, осы Каменкаға табан тірепті.

Өз күшіне, біліміне сенген ол қолға алған ісін дөңгелетіп келеді. Әрине, кәсіпкерліктің қыр-сырын терең меңгергеннен болар, «шығынға батып, зиянға қалған жоқпыз»дейді ағынан жарылып. Бүгінгі таңда шаруашылық асылтұқымды «симментал» ірі қарасын өсіруде. Кәсіпкердің айтуынша, бұл сиырлардың әр қайсысы жылына 5000 литр сүт береді. Болашақта әр бастан 6000-7000 литр сүт алу жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта кәсіпкердің қол астында  50-ден астам адам жұмыс істеуде. Шаруа қожалығы қызметкерлерін  қыс мезгілінде де жұмыспен қамтуға қауқарлы. Олардың қатарында қай шаруаның да ебін таба білетін сауыншылар, бақташылар, механизотарлар бар. «Әрине, қаладан білікті мамандар келсе қуана қарсы аламыз» -,дейді кәсіпкер.Кәсіпкердің сөзінше, егін шаруашылығынсыз мал шаруашылығын дамыту мүмкін емес. Сол үшін де шаруа қожалығында егін шаруашылығына да аса мән берілген. Бұған қажетті мамандар мен техника жеткілікті. Жыл сайын жер жыртудың жаңа әдістері де қолданылады. Мал шаруашылығы ерен еңбекті талап етеді. «Ерінбей еңбек еткен адамның мінер аты да, ішер асы да болады» - , дейді кәсіпкер.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
18:23, 25 қыркүйек 2020
ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
Толығырақ...