ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

14:31, 14 желтоқсан 2018

Туризм саласында қызмет атқарып жүрген 13 кәсіпкер ірі инвесторларға өздерінің жобаларын таныстырды. Кездесуді ұйымдастырушылар: «Мұндай шаралар бизнесмендерге қаржылық қана емес, техникалық қолдау көрсетіп, кәсіптерін одан әрі дамытуға серіктес табуға мүмкіндік береді»,- дейді. Инвесторлар жобаларды таңдауда бірнеше аспектілерге назар аударады. Ең бастысы – жобаның елдегі туризм саласына қосар үлесі мен өңір үшін әлеуметтік маңызы. Аталған жобаға Шығыс Қазақстан облысының қала мен аудандарының бизнес өкілдері қатысуда. Аймақтың танымал тау шаңғысы кешені демалыс орындарының бірінің иесі де өз жобасын инвестор назарына ұсынды. Кәсіпкер инфрақұрылымды жақсартып, туристік маусымды ұзартпақ ниетте. Ата-баба дәстүрін ұстанатын зайсандық кәсіпкер марал өсірумен айналысады. Жобасының мақсаты – Зайсан ауданында экологиялық туризмді дамыту. Емдік туризмді дамыту мақсатында қаржылық және техникалық инвесторларды тарту көзделген. Айта кетейік, Алакөлдің емдік қасиеті тек жаз мезгілдерінде қолжетімді. Сондықтан шараны ұйымдастырушылар мен жобаға қатысушылар демалыс орнының жыл бойында жұмыс істеуін қарастырып жатыр. Қазір облыс әкімдігімен бірлесіп, «Nomadic SPА» пилоттық жобасын іске қосу жоспарланып отыр.

Тақырып бойынша материалдар

«БЖЗҚ» АҚ ШҚОФ «Ашық есік күнін» өткізді
15:00, 25 маусым 2019
«БЖЗҚ» АҚ ШҚОФ «Ашық есік күнін» өткізді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар