ШҰҒЫЛ! Жүйелі ақпарат заманы Толығырақ

Инвестициялық форум

14:01, 31 қазан 2019

Өскеменде тұңғыш рет «Бизнеске нақты 50 ұсыныс» инвестициялық форумы өтті. Мақсаты – инвесторлар тарту арқылы Өскеменнің әлеуетін көтеру. Сонымен келушілер назарына қандай жобалар ұсынды, жергілікті биліктің үміті қандай? Айдана Дайырова баяндайды. Өскеменнің форум өткізетін жөні бар, өйткені шешімі күрделі мәселе көп. Соның бірі-балабақша салу. Ол үшін 12 бірдей жер телімдері де беріледі. Енді сол ғимараттарды салатын кәсіпкер керек.  Балабақша - шешілуі тиіс мәселенің тек бірі ғана. Ал шешілмеген мәселе қашама. Бұған дейін қалалық инвест форум  болған емес. Қалталы деген кәсіпкерлерді тайлы-тұяғын қалдырмай форумға шақырған өскемендік биліктің көксегені мол. Мақсат сол – инвестиция тарту, экономиканы көтеру. Басы балабақшадан басталып, мектепті жарықтандыру, әкімшілік ғимараттар салу, наубайхана, интертеймент орталығын құру сияқты жоба түрі көп. Тек қолдаушы керек. Аңсар Ешенбаев таланты болғанымен, танысы жоқ өнертапқыштың бірі. Өз жобасын жүзеге асыратын инвестор табылар деген үмітпен форумға келген. Ол бөдене өнімін өндірумен айналысады. Мектеп формаларын тігетін және гигиеналық заттар өндіретін кәсіпкерлер де ауадай қажет. Өйткені, Өскемен бұл жағынан тұралап тұр. Бизнес форумда жергілікті атқарушы органдарының ғана емес, кәсіпкерлік субъектілері де инвестиция тарту үшін өз жобаларын көрсетті. Сөздің қысқасы өскемендік 50 жоба кәсіпкерлер  назарына ұсынылды. Жартысы жүзеге асса жаман емес дейтін жөні бар әкімнің. Өйткені, ең арзан жоба құны 20 миллион, ал ең қомақтысы миллардт теңгеден асады. Форумға Астана, Алматы, Павлодар, Семейдің кәсіпкерлері де қатысты. Мақсаттары сол - өздеріне тиімді болса шығыстың бизнес жобасын еншілеп қалу.  Сөздің қысқасы, тұңғыш рет өткізілген форум миллиордер кәсіпкер таба ма немесе Өскеменнің әлеуетін қаншалықты көтеріледі.  Ол жағы уақыттың еншісінде.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар