ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Инклюзивті білім беру – қоғам қажеттілігі

14:32, 8 қазан 2019

Ерекше күтімді қажет ететін балаларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсету шаралары қарқынды жүзеге асырылып келеді. Аймақта аталған бағыт бойынша «Инклюзивті білім берудің 2018-2020 жылдарға» арналған арнайы «Жол картасы» жасалды. «Жол картасы» шеңберінде мүкіндігі шектеулі жандар толыққанды білім алып, түрлі кәсіптерді игеруде. Бағдарлама таяу жылдары іске асырылуы тиіс 4 бағытты қамтиды. Ең алдымен инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын педагогтарды даярлау көзделген. Облыстық білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділованың айтуынша, бүгінгі таңда 500-ге жуық маман арнайы курстан өтіп, сертификат алды.  Аймақта  13 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жұмыс істейді. Жыл соңынай дейін олардың санын 17-ге жеткізу жоспарланған. Сонымен қатар,  инклюзивті қолдау кабинеттеріне қажетті жабдықтарды сатып алу, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған мектептерді бейімдеу бойынша кешенді міндеттер шешімін тапқан. Әкімдік отырысында мемлекеттік нышандарды пайдалану реттілігі де сөз болды. Облыс бойынша мемлекеттік мекемелерде қолданыста 3494 елтаңба бар. Ал жаңа талаптар енгізілгеннен бастап оның тек 1364 ғана жаңартылған. Жиын барысында аталған өнімді шығарушыларға талаптарды күшейту мәселесі ұсынылды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар