ШҰҒЫЛ! Қалаға шығу және кіру шектелді Толығырақ

Игі бастама

17:18, 19 наурыз 2020

Өскемендік ерікті жастар зейнеткерлерге көмектесуде. Жақсылыққа жаны құштар ерікті жастардың бұл бастамасы көпке үлгі. Ал қауіпті індетпен күресте дәрігерлер егде жастағы адамдарға үйде отырған абзал екендігін айтады. Сол себепті «Жас Отан» жастар қанатының еріктілері мұндай азаматтардың үйіне қажетті азық-түлікті өздері апарып беруде.

Алмас Жәкішев – ерікті. Бүгін ол өз істерін кейінге шегеріп дүкенге арнайы азық-түлік алуға шықты. Сауапті іске немқұрайлылық танытпаған ерікті жас зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарды ұн, қант, жарма секілді азық-түліктермен  қамтамасыз етуде. Еріктілер төтенше жағдай кезінде күнделікті тұтынатын тауар бағасын көтеруге жол бермеу керек екендігін алға тартады. Керісінше, бірлесе көмек көрсету қажет. Екі қап ұнды еріктілер көп балалы Мағзумовтар отбасына табыстады. Өскеменнің шалғай ауданданында тұратын жанұя үшін мұндай көмектің жөні бөлек. Сонымен қатар еріктілер жалғыз басты зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді де жеткізеді. Егер де еріктілердің қандай да бір көмегі қажет болса, Өскемен қаласы «Жас Отан» жастар қанатының шұғыл желісіне хабарласуға болады.

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 12 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
22:07, 3 сәуір 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 12 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
16:14, 31 наурыз 2020
ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
14:15, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...