ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

ХҚКО-дағы проактивті әдіс

14:17, 12 қыркүйек 2019

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы зейнеткерлікті проактив әдісімен рәсімдейтін пилоттық жобаны іске қосты. Бұл жоба зейнет жасына жеткен азаматтарды қамтиды. Басты артықшылығы, зейнеткерлікке шығу барысында көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ. Зейнет жасына келген өскемендік Елизавета Вильде 10 күн бұрын смс-хабарлама алды. Хабарламада қызметті проактивті түрде рәсімдеуге ұсыныс жазылған. Пилоттық жобаны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлері жүзеге асырады. Жасына байланысты құрметті демалысқа шығатын азаматтың жұмыс орынындағы кадр бөлімінде еңбек өтілі, зейнеткерлік жүйеге қатысуы туралы толық ақпарат бар. Осы мәліметтердің барлығы еңбек келісімдерін есепке алу бірыңғай жүйесіне енгізіледі. Аталмыш қызмет түрі зейнет жасына жеткен азаматтарға көрсетіледі.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Міндетті әлеуметтік көмек туралы не білесіз?
13:54, 13 қыркүйек 2019
Міндетті әлеуметтік көмек туралы не білесіз?
Толығырақ...