ШҰҒЫЛ! ТУҒАН ЖЕРГЕ САЯХАТ Толығырақ

ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

17:59, 17 қазан 2018

«Дөңгелек үстелде» Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғарғы палатасының депутаты Сергей Плотников Өскемен қаласының кәсіпкерлерімен кездесті. Іс-шараның тақырыбы - «Қазақстан халқының әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сапасын арттыру» атты Елбасы Жолдауын түсіндіру болды. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сергей Плотников Шығыс Қазақстанда ұзақ жылдар бойы қызмет істеді. Сондықтан жерлестері жылышырайлы қарсы алды. Кездесу барысында сенатор кәсіпкерлермен Елбасы Жолдауының негізгі басым бағыттарын талқылады. Іс-шараға қатысушылардың айтуынша, Қазақстанның әл-ауқатын жақсарту, сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше назар аудару қажет. Ірі өндіріс орындары ел экономикасын құраушы негізгі іргетас. Десе де елдің болашағы мен экономикалық қауіпсіздігі шағын және орта бизнестің дамуына тікелей байланысты.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар