ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Халыққа әлеуметтік көмек көрсету

15:02, 12 шілде 2019

Глубокое ауданының 13 көпбалалы отбасы жеке меншік баспанамен қамтылды. Аймақ басшысы Даниал  Ахметов іссапармен ауданға барып, өз қолымен тұрғын-үй сертификаттарын табыстады. Бүгін төрт балалы ана Айнұр Тоқтарбаеваның арманы орындалды. Аудан билігі оның отбасына арнап, 4 млн теңгеге төрт бөлмелі үй сатып алып берді. Бүгінге дейін бала-шағасымен тар жерде тұрып келген ана үшін бұл үлкен қуаныш. Өйткені, отбасы қаражатының 20-30 мыңы пәтер жалдауға кететін. Ал қазір әлеуметтік көмек арқасында жағдайы жақсы жаққа өзгерді.  Баспанаға қаржыны «Парыз» қоры бөліп отыр. Аудандағы 13 үйді сатып алуға барлығы 31 млн теңге жұмсалды. Жаңа қонысқа ие болғандар арасында үйін он жыл күткендер де бар. Олар облыс әкімі мен бұл игі істің басы-қасында жүргендерге алғыс айтты. Естеріңізге сала кетейік, көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу жөніндегі облыстық қоғамдық комиссия өткен  аптада отырыс өткізген еді. Аймақ басшысы отырыс барысында баспана мәселесін шешуге бағытталған жұмыстардың алғашқы кезеңін аяқтап, ауылдық жердегі отбасыларға 230 үйдің кілтін табыс етуге уәде берген болатын.Жақында баспанамен қамтамасыз етудің екінші кезеңі басталады. Қазірдің өзінде кезекте аудан орталықтарының 300-ден астам отбасы тұр. Облыс әкімі іссапары барысында денешынықтыру-сауықтыру кешеніне де барды. 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты. Сондай-ақ, ауданның шаруа қожалық иелерімен кездесіп, агроөндіріс кешенін дамыту бағытындағы кешенді жұмыстарын талқылады.  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар