ШҰҒЫЛ! АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІҢ ӘЛЕГІ Толығырақ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

12:43, 15 сәуір 2019

Өскеменде «Жастар» жылы аясында Қазақстан-Ресей шекаралас аймақтардың «Жастар жаһандық әлемде» атты жастар форумы өтті. Ресей Федерациясы Алтай мемлекеттік университетінің өкілдері Шығыс Қазақстан облысындағы жетекші жоғарғы оқу орындарының студенттерімен кездесіп, шекаралас мемлекеттер арасындағы жастар саясатын жүзеге асыру жолындағы болашақ жоспарларымен бөлісіп, өзара пікір алмасты. Форумның басты мақсаты - Қазақстан мен Ресей жастар ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту. Екіжақты жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруға жағдай жасау. Достығы жарасқан мемлекет жастарының білім алуларына, тарихи-мәдени құндылықтарды терең зерттеп тануға мүмкіндік беру. Форум аясында атысушылар туризм, мәдниет, өнер, спорт саласында халықарылық ынтымақтастықтың болашақ жоспарларын бекітті. Алдағы уақытта студенттік өзін-өзі басқару, мәдени шараларды ұйымдастыру және жастар ұйымдарының жұмысына қатысты тәжірибе алмасу жоспарда бар.

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БИЛЕРІ» ФЕСТИВАЛІ
14:03, 22 сәуір 2019
«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БИЛЕРІ» ФЕСТИВАЛІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар