ШҰҒЫЛ! КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

13:22, 12 шілде 2018

Шығыс Қазақстан мен Қытай шекарасы аралығына темір жол салу жоспарланып отыр. Өңір басшысы Даниал Ахметов Қытай Халық Республикасы Бас консулдығы өкілдерімен кездесу барысында бұл жоспардың еліміз үшін транзиттік құрылымды өсіретінін, ал Аспан асты елі үшін уақыт үнемделетінін айтты. Темір жолды қытайдың шекаралық Тачин қаласы мен Аягөз арасында салу көзделді. Ал жуықта қытай сөрелерінде Шығыс Қазақстан азық-түліктері сатылатын болады.

ДАНИАЛ АХМЕТОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

«Біз қытайлық серіктестеріміз әрі  достарымыздың Шығыс Қазақстаннан жоғары сапалы сүт, бал өнімдерін, таза экологиялық ет, май өнімдерін алғанын қалаймыз. Мұнымен қоса біз ынтымақтастықтың өзге де, атап айтқанда, біріккен кәсіпорындар ашу мәселесін қарастыруға дайынбыз. Бізде Үржар ауданы дайын. Бүгінгі таңда біз Үржар ауданының бір бөлігін бірлесіп игере аламыз».

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар