ШҰҒЫЛ! ТУҒАН ЖЕРГЕ САЯХАТ Толығырақ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕННИС ТУРНИРІ

17:33, 7 қараша 2018

Облыс орталығында теннистен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир басталды. Әлемнің 7 елінен келген 60 жуық жас спортшы «Ust-Kamenogorsk ITF Junior G3» үшінші санаттық турнирде бақтарын сынайды. Айта кету керек өткен аптада Өскеменде 14 жасқа дейінгі спортшылар арасында «Kazzink Open» азиялық теннис турнирі ұйымдастырылған болатын. ITF Junior турнирі әл алмасуларына мол мүмкіндік береді. Сонымен қатар олар өз күштерін сынайды. Ромеин Фаукон теннистен жасөспірімдер арасындағы турнирге Бельгиядан келді. Қазақстандағы бұл оның екінші ойыны. Өткен жылы жас спортшы еліміздің батысында өткен турнирге қатысқан болатын. Осы жарыста ол жақсы нәтиже көрсетуді жоспарлап отыр. Ұйымдастырушылар осы сияқты шаралар жас теннисшілерге тәжірибе жинақтауға мол мүмкіндік беретіндігін айтады. Турнир осы аптаның соңына дейін жалғасады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар