ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

Халықаралық пленэр

13:30, 13 маусым 2019

Шығыс Қазақстан облысының ең бір көрікті мекені Катонқарағай ауданында кең ауқымда өткізілген мәдени іс-шара ұйымдастырылды.  Қазақстан, Ресей, Германия, Франция, Түркия, Литва, Грузия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, жалпы, 10 ел суретшілері қатысқан халықаралық пленэр өтті. Жоба «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары мен биылғы Жастар жылы аясында облыс әкімі Даниал Ахметов бастамасы бойынша мәдениет, архив және құжаттама басқармасы ұйымдастыруымен жүзеге асты.  Қылқалам шеберлері  таңғажайып табиғатымен көз тойдырған өлкедегі аспанмен тілдескен биік таулар, өзен-көлдерін тамашалап, саф ауасымен кең тыныстап шабыттана түсті.  Олар өздерінің төл туындылары арқылы осындай көрікті өлке жөнінде сыр шертеді. Халықаралық пленэр маусым айының 4-і мен 11-і аралығында Катонқарағайдағы «Рахман қайнарында» өтті. Әсем табиғат суреттерін өз көзімен көремін деушілерге есік ашық. Қорытынды көрмеден соң суретшілер «Жастар» саябағында шеберлік сағатын өткізді.

Тақырып бойынша материалдар

Медицина қызметкерлері спартакиадасы
13:30, 14 маусым 2019
Медицина қызметкерлері спартакиадасы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар