ШҰҒЫЛ! МҰНАЙ ЭКСПОРТЫ АРТАДЫ Толығырақ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ

09:15, 11 ақпан 2019

Жастар жылы аясында Польша университеттерінің бірінде «Абай» ғылыми-оқыту орталығы ашылды. Халықаралық дәрежелі оқыту жобаларының алаңы болады. Абай Құнанбаевтың бай мұрасын кеңінен насихаттап, қазақстандық заманауи мәдениетті жандандыруға септігін тигізеді. «Дөңгелек үстел» отырысына қатысушылар онлайн режімде Свече қаласында «Абай» ғылыми-оқыту орталығының ашылу салтанатына қатысты. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Польша лингвистикалық-техникалық университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Польша тарапынан орталыққа лайықты ғимарат бөлінді. Ішінде Қазақстан туралы құнды деректер жазылған ағылшын, орыс және поляк тілдеріндегі кітаптар мен мәдени көрнекіліктер, жасанды заттар бар. Жаңадан ашылған орталық академиялық мобильділікті жылдамдатып, Қазақстан мен Польша арасындағы екі дипломдық негіздегі оқыту жүйесін қалыптастырады. Екіжақты байланыс әрі қарай жалғасады. Жақында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Коперник» атты ғылыми-оқыту орталығының ашылады.

Тақырып бойынша материалдар

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН АҚПАРАТТАНДЫРУ
13:38, 22 ақпан 2019
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН АҚПАРАТТАНДЫРУ
Толығырақ...
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ ӨТУДЕГІ КЕЗЕҢДІК МӘСЕЛЕЛЕР
13:37, 22 ақпан 2019
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ ӨТУДЕГІ КЕЗЕҢДІК МӘСЕЛЕЛЕР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

15 АҚПАН – «АУҒАН СОҒЫСЫ» АЯҚТАЛҒАН КҮН
13:25, 18 ақпан 2019
15 АҚПАН – «АУҒАН СОҒЫСЫ» АЯҚТАЛҒАН КҮН
Толығырақ...