ШҰҒЫЛ! АСТАНА НҰРСҰЛТАНҒА ӨЗГЕРТІЛДІ Толығырақ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП СЫЙЛАУ КҮНІ

14:00, 19 ақпан 2019

Өздеріңізге мәлім, өткен аптаның 14 ақпаны – Халықаралық кітап сыйлау күні болды. Бұл күнтізбедегі ең жас мерекелердің бірі. Осы атаулы күнге орай Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапханаға елімізге танымал жазушы Әлібек Асқар өзінің жеке кітап қорынан 100-ден астам әдеби кітап тарту етті. Халықаралық кітап сыйлау мерекесі 2012 жылдан бері Эмми Бродмурдың бастамасымен халықаралық деңгейде тойланып келеді. Негізі халықаралық мерекелер БҰҰ-ның немесе халықаралық ұйымдардың қаулысымен бекітіледі. Бірақ бұл мерекеге ешқандай белді мекеменің іс-әрекеті себеп болмаған. Атап өтерлігі, халықаралық кітап сыйлау күні көршілес Ресейде танымал мейрамдардың бірі. Мерекенің қағидасы бойынша бұл күні балаларға көбірек кітап сыйлаған абзал. Көрмеге сирек кездесетін кітаптар қойылған. Атап айтсақ, Затаевичтің музыка туралы жазған кітабы, Бибігүл Төлегеноваға арналған энциклопедиялық кітаптар, қазақ хандығы кезіндегі Ұлы ғасыр көші туралы, түптеп келгенде, тарихымыз туралы кітаптар көрмеден орын тепкен.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫ
15:25, 20 наурыз 2019
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫ
Толығырақ...