ШҰҒЫЛ! ЭКСПЕДИЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫСЫ Толығырақ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ IT-ФОРУМ

15:46, 6 желтоқсан 2018

Өскеменде «Digital East - Болашақка қадам» халықаралық IT-форумы басталды. Іс-шара ұлт санасының жаңғыруын мақсат еткен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында өткізілуде. Форумның бірінші күні пленарлық тыңдау өткізілді. Қазылар алқасы жарияланған 79 жобаның ішінен үздіктерін анықтады. Форумның салтанатты бөлігі бүгін жалғасын табады. Болашақтың жобалары - көлік инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы, электронды коммерция, экология, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және туризм саласындағы жаңа ІT шешімдер. Форумның негізгі мақсаты - халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған үздік IT-жобаларды анықтау және қолдау болып табылады.Форумға қатысушы Андрей Бубняк Украинадан келген, геология ғылымдарының кандидаты. Ол конкурсқа жерді қашықтықтан зерттеуге арналған технологияны экономика саласында пайдалану бойынша өзінің жобасын ұсынды. Ұсынылған әдістердің арқасында тікелей байланыссыз, кен-металлургия, ауыл шаруашылығы, археология мамандары кез келген объектіні анықтайды немесе ғарыштан тақырыптық картаны құра алады. Ауыл шаруашылығы саласындағы тағы бір жоба жерді зерттеудің қазіргі заманғы әдістерімен қатар электрондық карталарды шығарады. Ауа райы туралы нақты ақпарат береді. Мұның барлығы фермерлерге жер туралы толық ақпарат алуға және ауыл шаруашылығын басқару тұрғысынан дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Форумның бірінші күні шеңберінде республикалық қазылар алқасы 33 үздік ІТ шешімдер мен 10 стартап-жобалармен танысты. Жас бағдарламашылардың стартап жобалары жоғары бағаланып, комиссия мүшелері 3 үздік жобаны таңдады. Дегенмен, талқылау барысында барлық стартап жобаларына қолдау көрсету туралы шешім қабылданды. «Нұр Отан» партиясы филиалы бірінші орынбасарының кеңесшісі Азиза Шузееваның айтуынша, бұл балалар Шығыс Қазақстан облысындағы барлық толыққанды мектептерде оқу жылының басынан бері ашылған IT-сыныптардың алғашқы легі. Айта кету керек, іс-шараға «Smart City-technologies» саласындағы Татарстан Республикасының арнайы экономикалық аймағы «Иннополис» консорциумының көшбасшысы Константин Соснов қатысты. Қорытындылай келе, ол өңірдегі техникалық жоғары оқу орындарының бірімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
14:33, 14 желтоқсан 2018
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ИНВЕСТИЦИОННЫХ ПРОЕКТОВ
Толығырақ...
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
14:31, 14 желтоқсан 2018
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар