ШҰҒЫЛ! Семинар өтті Толығырақ

«Халық заңгері» акциясы

13:32, 25 қараша 2019

Қазақстандықтарға тегін заңгерлік көмек көрсетілді. Өскемен халқы да түрлі мемлекеттік мекеме, құқықтық органдар мен заң мамандарынан ақысыз кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Республика көлемінде өткізілген «Халық заңгері»   акциясына Шығыс өңірі биыл алғаш рет қатысты. Проблемасына шешім іздеген азаматтың бірі – Күлзия Орсаева. Ол «Халық заңгерінен» баспана кезегінің баяу жылжу себебін білмекке келіпті. Айтуынша, бірнеше жыл апаттық жағдайдағы үйді паналаған.  Қазір қаладағы жатақхананың бірінде тұрады. Мамандар тұрғынның талап-тілегін тыңдап, проблемасына шешім іздеді.   Келген азаматтың барлығы мәселесіне қатысы бар тараптардың әрбірімен кеңесуге мүмкіндік алды. Бастысы мұндағы қызмет көрсетулер ақысыз және бөлім басшыларымен тікелей тілдесуге болады. Мұндай құқықтық ортаның тиімді жағын заңгерлер де атап өтті. Акция барысында тұрғындар әлеуметтік, білім, тұрғын-үй шаруашылығы, көші-қон сынды сала мамандарына толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар