ШҰҒЫЛ! ВИРУСҚА ТӨТЕП БЕРЕТІН КАРТОПТЫҢ ЖАҢА ТҮРІ Толығырақ

ХАНБАЛЫҚТЫҢ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЯДЫ

17:37, 10 тамыз 2020

Форель, яғни ел ішінде ханбалық дейтін су балығының бір түрін облыста Алтай мен Ұлан аудандары өсіріп келеді. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті шабақтық тәсілмен жүзеге асырылып жатқан кәсіпті дамыту жолдарын одан әрі ұлғайту үшін жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен шаруашылықтардың бүгінгі аяқ алысына назар аударылды.

Ертіс су бассейні Қазақстанда балық шаруашылығының қоры бойынша 3-ші орында. Бүгінде халықаралық, республикалық көлемде  60 аумақ белгіленген. Соның ішінде 24-і бекітілген, қалғаны резервтік. Ал жергілікті аумақта  96 орын бар. Соның ішінде 27 аумақтың 22-сі пайдаланушыға берілген. Осыдан үш жыл бұрын Өскемен су қоймасында алғаш рет шарбақтық тәсілмен балық өсіру шаруашылығы қолға алынған. Су қоймасының екі аумағы «Шығыс Универсал», «Грандфиш» ЖШС-не тиесілі. Әу бастан хобби түрінде басталған кәсіп, Зайсан балықтарын Қытай, Ресей елдеріне экспортқа шығарумен жалғасын тапты. Уақыт өте келе, кәсіпкерлер  жабайы балықтарды өндіруде тығырыққа тап болып, оны қолдан өсіру қажеттігі туындады. Бүгінде нарықтағы балықтардың 80 пайызы қолдан өсіріледі. Бір ғана шаруашылықтағы ханбалықтың көлемі қазір 300 тоннаға дейін артқан.

Сондай-ақ, шаруашылықта спорттық балық аулау кәсібін дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бүгінде бұл жерге келушілер қолайлығы үшін арнайы демалатын, балық аулайтын орындар қарастырылған. Болашақта балалар алаңдарын салу жоспарда бар. Сондай-ақ балықтарды нарықта сатылымға шығаруда ішкі нарықтың сұранысты толығымен қамтылып отыр. Өскемен, Павлодар, Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларынан өзге, Ресейде сауда нүктелері бар. Бұдан өзге жергілікті түрдегі  репустар мен  искучтарды өсіріп, олардың көлемін ұлғайтуға қолайлы жағдай қарастырылуда. Саудаға шығарылатын ханбалықтың құбылмалы аталатын түрін 500 граммнан 2 келіге дейінгі көлемде өсіру жұмыстары жүргізілуде.

Тақырып бойынша материалдар

BABY BOX ТАСТАНДЫ БАЛА САНЫН АЗАЙТА МА?
17:18, 30 қыркүйек 2020
BABY BOX ТАСТАНДЫ БАЛА САНЫН АЗАЙТА МА?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВИЛЬНЮСТЕ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
17:38, 24 қыркүйек 2020
ВИЛЬНЮСТЕ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
18:23, 25 қыркүйек 2020
ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫ ЕКІНШІ РЕТ ТАПСЫРУҒА ДА БОЛАДЫ
Толығырақ...