ШҰҒЫЛ! Халық алдындағы есептік кездесу Толығырақ

Хакім Абай мұрасы

17:09, 13 ақпан 2020

Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы, философиясы, қоғамдық, эстетикалық көзқарасы әлі де өміршеңдігін жолғатқан жоқ. Сонымен қатар қазақ поэзиясындағы ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы насихатталып келеді. Абайтанушылар ақын мұрасы толығымен зерттеліп болған жоқ деген пікірде.

 

Зерттеушілер Абай өзі жазған шығармаларын жинап, топтастырмаған деп жазады. Тек 1896 жылы ғана Мағауия, Кәкітай, Көкбайлардың айтуы бойынша ақын барлық қолжазбалары мен туындыларын көшіруді ұйғарған. Абайтанушы, профессор Айжан Картаева ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын зерттеп жүргендердің бірі.  Бір ғасырдан астам тарихы бар Абайтану ғылымының ашылмаған қырлары әлі көп. Мәселен, Абайтану жеке пән ретінде мектеп бағдарламасына енгізілгенімен, ол туралы оқулықтар мен әдістемелік құралдар жоқтың қасы.

Абайтанушылар деректерінде Абай мұрасы елге баспа беттері арқылы ғана емес, сонымен қатар айналасындағы өнерге жақын азаматтардың жатқа айтқан өлеңдері мен әңгімелері арқылы  тараған.  Хакім Абай шығармаларына қатысты  ойларын оқушылар да ортаға салды.    Абай мұрасы бүгінгі ұрпаққа аманат. Ал Абайды оқып, тану баршаға ортақ міндет.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар