ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Ғұмырдан да ұзақ жол

13:30, 24 мамыр 2019

Пушкин атындағы облыстық кітапханада көрнекті қоғам қайраткері, қазақтың тұңғыш теміржол қатынастарының инженері, тарихшы-ғалым Мұхамеджан Тынышпаевты еске алуға арналған «Ғұмырдан да ұзақ жол» атты іс-шара өтті. Теміржолшылар, тәртіп сақшылары, мәдениет, өнер саласы қызметкерлері қатысты. Болашақ қоғам қайраткері, тарихшы-ғалым қазіргі Алматы облысы, Қабанбай ауданында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келді. Зеректігі мен ақыл-ойы, еңбегі арқасында үлкен беделге ие болды. Бүкіл ғұмырын халқына қызмет ету мен өз білімін жетілдіруге арнаған жан-жақты тұлға. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Исабаев Мұхамеджан Тынышпаевты өзіне үлгі тұтады. Өскемендегі екі көше атауының бірі - Теміржолшылар, екіншісіне Тынышпаев есімі берілуі туралы бастама көтерген. Мұхамеджан Тынышпаевтың ел алдында сіңірген елеулі еңбегі – Түркістан-Сібір теміржол құрылысына маман ретінде қатысуы. Оның өмірбаяны мен еңбек жолы, көшбасшылық қабілеті жайында кеңінен айтылды. «Ғұмырдан да ұзақ жол» еске алу сәті халқын шексіз сүйген ардақты азаматтың есімін кейінгі жастар ұлықтап, жадында сақтасын деген ниеттен туындады. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар