ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

Грек-рим күресінен турнир өтті

13:30, 21 мамыр 2019

Жарма ауданына ел бойынша грек-рим күресінің жас шеберлері келді. Қалбатау ауылының спорт кешенінде Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыхановтың сыйлығы үшін ашық облыстық турнир өтті.Күрес алаңына шығып, бірінші орын үшін бақ сынасып, жеңіске жету әрі грек-рим күресінің майталманы атынан жүлдеге ие болу – әр жас спортшы үшін арман болса керек. Мұндай сәттілік әркімге бұйыра бермейді. Алайда, Шығыс Қазақстанның, сонымен қатар Алматы мен Ақмола облыстарының үздік палуандары дәл осындай мүмкіндікке қол жеткізді. Турнир грек-рим күресін, сондай-ақ қатысушылардың спорттық шеберліктерін насихаттау мақсатында өткізілді. Жалпы, жарысқа спортта алғашқы қадамдарын бастаған палуандар қатысты. Ойын техникасын жақсы меңгергендер тартысты бәсекеде  бапкерлері мен жанкүйерлерін жерге қаратпады.Палуандар 2 күн күш сынасты. Турнир қорытындысында жаңа жеңімпаздар есімдері аталды.

Тақырып бойынша материалдар

Медицина қызметкерлері спартакиадасы
13:30, 14 маусым 2019
Медицина қызметкерлері спартакиадасы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар