ШҰҒЫЛ! Менторлық семинар Толығырақ

Ғасырды бағындырған би

14:42, 7 тамыз 2019

Қазақстанның Тұңғыш президенті «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында ұлттық құндылықтарды сақтау мен насихаттау маңыздылығын айтты. Бұл –  ғасырлар бойы дәстүрлі ел тұрмысымен біте қайнасып кеткен салт-дәстүр, ән-би, күйлер мен халық ауыз әдебиеті үлгілері. Соның ішінде би өнерінің орны ерекше. Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы қызметкерлері ұйымдастыруымен Жаңа Бұқтырма кентіндегі «Жігер» жазғы демалыс лагері балаларына «Ғасырды бағындырған би» атты   ұлттық би тарихынан сыр шерткен іс-шара өтті.Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, жоғары санатты хореограф Айгүл Тұрғанбаева жазғы демалыста лагерьде  алаңсыз демалушы балаларды түрлі би өнерінің қыр-сырымен таныстырды. Атап айтқанда «Қара жорға», «Қамажай» билері мен ұлдар – қамшы, қыздар – домбыра ұстап билеген «Боз жорға» мен «Домбыра» билерінің қимылдарын үйретті. Жас өрендер би тарихы туралы мәліметтер тыңдап, іс-шараға  белсене қатысты. Диана Казанцеваның биге деген қызығушылығы ерекше.Би өнеріне бас иіп, шоқтығы биік өнер деп білетін хореограф Айгүл Тұрғанбаева балалар талпынысын жоғары бағалады.Ғасырдан ғасырға жалғасқан би өнерінің тарихын қазіргі балалар  саналарына түйе білулері керек - дейді,  іс-шара ұйымдастырушылар атынан сөз алған Қарлығаш Жүнісбекова.Шара соңында кітапханашылар  оқушыларға арнайы  әзірлеген кітап көрмесін таныстырды. Кітап оқу маңыздылығы туралы айтты.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар