ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Фронт-кеңсе ашылды

13:57, 10 қыркүйек 2019

«Ашық әкімдік» – атты фронт-кеңсе «Шығыс адалдық алаңы» жобасының аясында Өскемен қаласы әкімдігінің жанынан ашылды. Бұл жерге тұрғындар кез-келген мәселе бойынша жүгіне алады. Фронт-офис қалалық әкімдік тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлық түрін бір жерден «бір терезе» жүйесі арқылы ұсынады. Фронт-офисте жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, тұрғын үй қатынастары бөлімі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бар. Енді бір анықтама алу үшін бірнеше мекеменің табалдырығын тоздырудың қажеті жоқ. Азаматтарды қабылдау кеңсесі бірінші кезекте қала тұрғындарының уақытын үнемдейді. Екіншіден белгілі бір мекеме мен халық арасындағы алтынкөпір болады. Кеңсенің жұмысын қала әкімдігі тікелей қадағалап отырады. Егер сізді толғандырған мәселе өз деңгейінде шешімін таппаса, сол жерге дербес бөлім басшыларын, қала әкімінің орынбасарларын, тіпті қала әкімінің өзін шақыртуға мүмкіндік бар.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Міндетті әлеуметтік көмек туралы не білесіз?
13:54, 13 қыркүйек 2019
Міндетті әлеуметтік көмек туралы не білесіз?
Толығырақ...