ШҰҒЫЛ! ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

Жастар фестивалі

14:46, 9 шілде 2019

Семейде Елорда және Домбыра күніне орай «Open air» жастар фестивалі ұйымдастырылды. Оған екі мыңға жуық адам қатысты.  Жылда Ертіс жағасында өтетін кеш сол күнгі барлық шаралардың қорытындысы болды. Бұл күні Семей орталығына халық көптеп жиналды. Басты себеп жаздың ең айшықты мерекесі - «Open air» фестивалі. Дәстүрге сай, шымылдық «ЯРКОкросс» марафонымен ашылды. Оған кез-келген жастағы адамдар қатыса алды. Мереке, әсірісе, балаларға жақты. Ойнап, билеп, шаттықта болды. Жастар жағы ата-аналары мен ересектер қауымын алып, қашықтыққа жүгіруден бақ сынасты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Open Air» фестиваліне келушілер саны жыл санап артып келеді. Сол себепті де шараның бағдарламасына жаңашылдықтар қосуда. Бұл да аудиторияны қызықтыру үшін жасалған қадам. Мәселен, биылғы кешке жиналғандар асық ату, тоғызқұмалақ сынды ұлттық ойындарды да ойнап көрді.

Тақырып бойынша материалдар

ТЕМІРЖОЛДЫҢ БОЙЫНДА ОҚЫС ОҚИҒАЛАР АЗАЙМАЙ ТҰР
17:19, 18 қаңтар 2021
ТЕМІРЖОЛДЫҢ БОЙЫНДА ОҚЫС ОҚИҒАЛАР АЗАЙМАЙ ТҰР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТАКСИ ЖҮРГІЗУШІСІН СОҚҚЫҒА ЖЫҒЫП, КӨЛІГІН ТАРТЫП АЛҒАН
13:32, 13 қаңтар 2021
ТАКСИ ЖҮРГІЗУШІСІН СОҚҚЫҒА ЖЫҒЫП, КӨЛІГІН ТАРТЫП АЛҒАН
Толығырақ...
ЖОЛ ЖИЕГІНДЕГІ КӨЛІКТЕР АЙЫП ТҰРАҒЫНА ЖӨНЕЛТІЛЕДІ
17:19, 13 қаңтар 2021
ЖОЛ ЖИЕГІНДЕГІ КӨЛІКТЕР АЙЫП ТҰРАҒЫНА ЖӨНЕЛТІЛЕДІ
Толығырақ...