ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

Ежелгі металлургия

15:09, 18 шілде 2019

 «Сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері – металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі. Ежелгі заманда-ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік жəне Шығыс аймақтарында таукен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады. Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты» - деп жазды Тұңғыш Президент өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында. Расында да өңірдегі кен орындарының өзіндік тарихы, кен өндіріп, өңдеу әдісі бар. Археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген мамандардың деректері бойынша алғашқы кен өндіру ісі қола дәурінде пайда болғандығын айғақтайды. Ертеректе жер асты шахталарында кенді отпен үңғылау әдістерімен өндіріп, өңдеген. Барлық жұмыс қол еңбегін талап еткен. Өткен жылы мамандар ежелгі бірнеше кен орынына далалық экспедиция жасады. Соның нәтижесінде мұражай келушілеріне арналып, сол шахталардың 3Д моделі жасалды.Бұл мұражайда геологилық барлау жұмыстарының нәтижесінде өңірдің  метталургиялық аудандарынан табылған қазба байлықтар нұсқасы бар. Әрқайсысы табиғат берген баға жетпес қазына.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар