ШҰҒЫЛ! СЕМЕЙДЕ ИММУНДЫҚ ПЛАЗМАНЫҢ 976 ДОЗАСЫ ДАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ӘЖЕЛЕРДІҢ ӘСЕРЛІ ӘҢГІМЕСІ

18:19, 21 қыркүйек 2020

Бұрынғы қазаққа әже әлдиінің, әже тәрбиесінің орны бөлек еді. Әже тәрбиесі қазақ қоғамының жазылмаған оқулығы еді. Ал бүгін ше?  Бүгінгі қазақ әжелері өзін әже деуге арланатыны ащы да болса шындық. Жақында Өскемендегі мамандандырылған балалар үйінде «Әжелер күні» атты тағылымды шара өтті. Шараның мақсаты - балалар үйі тәрбиеленушілеріне мейірім шуағын сыйлау. Бүлдіршіндер өз кезегінде қонақтарға мерекелік концерт дайындап, өнерлерін ортаға салды.  Өскемен қаласы әкімдігінің мамандандырылған балалар үйінде 3 жасқа дейінгі ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндер тәрбиеленеді.  Мекеме қабырғасында өткен шара барысында балалар ән шырқап, би-билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Мұның барлығы балғындарға жылу сыйлау мақсатында ұйымдастырылып отыр дейді мекеме директоры. Зоя Сутникова қарттар үйін паналаған жандардың бірі. Мұнда келіп, балалардың өнеріне тамсанып, көңілі бір көтеріліп қалғанын айтады. Мекеме ұжымы осындай шараларды елде қалыптасқан жағдай тұрақтанғаннан кейін дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
12:54, 30 қазан 2020
ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ ҰРЛАНҒАН АҚШАСЫН ҚАЙТАРЫП БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар