ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары жеңілдетілді Толығырақ

ӘСКЕРИ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ КҮШЕЙТІЛДІ

12:52, 6 сәуір 2020

Елімізде коронавирус індетіне байланысты төтенше жағдай жариялауына орай Семей қаласындағы әскери полиция қызметкерлері қарулы күштердегі құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрғындар арасында тәртіпті қадағалауда 18 патрульдік топ құрылды. Олар қаланың оң және сол жағалауында қызмет атқаратын болады.

Қазақстан республикасында коронавирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында, 16 наурызда таңғы сағат сегізден бастап ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жариялауына байланысты, Қазақстан республикасы қарулы күштері әскери полициясы бас басқармасы бастығының нұсқауы бойынша Семей гарнизонының бастығымен бірлесе, гарнизонда және әскери қызметшілердің көп шоғырланған жерінде, әскери бөлімдердің аумақтарында құқықбұзушылықтың, қылмыстың және тәртіп бұзушылықтың алдын алуға 18 патрульдеу тобы жұмылдырылды.Олар қаламыздың барлық аумағында тәртіпті қадағалайтын болады. Патрульдеуге бекітілген қаланың оң жақ жағалауындағы 10 бағытындағы және қаланың сол жақ жағалаудағы 8 бағытындағы патрульдік топтарға Семей гарнизонының әскери бөлімдерінен және әскери полиция жасағаның әскери қызметшілері тартылып, бекітілген тапсырмаларын орындап, қаланың патрульдік полиция қызметшілерімен бірлесе қызмет атқаруда. Қылмыстың жолын кесуге, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға, өз үлестерін қосуда. Патрульдеуге жұмылдырылған әрбір әскери қызметші төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқамамен толықтай таныстырылған және қызмет кезінде Қазақстан қарулы күштеріндегі әскерилердің жұмысын жіті бақылайтын болады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар