ШҰҒЫЛ! Семинар өтті Толығырақ

Әртістер - ауыл халқы

14:14, 11 қыркүйек 2019

 “Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайды. Білім мен тәрбие барлық халықтың мәдениетінің қайнар бұлағы» дейді зерттеуші ғалымдар. Сол айтпақшы, мұның астарында ерінбеген еңбек жатыр. Тарбағатай ауданы, Жаңаауыл ауылындағы мәдениет Үйінің көпсалалы қызметі туралы  тілшілер сюжеті тақырыпты жалғастырады. Халық шығармашылығы дегенде,  бастауын жиырмасыншы ғасырдың жетпісінші жылдарынан алатын Жаңаауылдағы мәдениет Үйі қызметі тіл ұшына оралады. Мектеп қабырғасындағы көркемөнерпаздар үйірмесінен шыңдалған жастар кеңшар клубы жанынан «Арман» ансамблін, халық театрын, халық оркестрін ұйымдастырды. Белгілі өнер тарланы марқұм Сіләмхан Шериязданов бастамашы болған мәдениетті өркендету ісін бүкіл ауыл қолпаштады.  Гастрольдерге шығып, ел, жер таныды. Халық ілтипатына бөленіп, лайықты марапаттан кенде болмады. Қазақы жарасымды сыйластық,  ынтымақ-ырыс ұялаған  ауылға әркім-ақ қызығады. Мерекелік шараларда кемінде 10-15 концерттен қойылады. Өнерпаздар округ орталығынан бастап ауыл-ауылды аралайды. Халықтың көңілін серпілтіп қайтады. Спектакль репертуары әр алуан, бүгінгі заман сөзін сөйлейтін туындылар сахна төрін жайлаған. Жаңаауылдың 5 көшесі бірігіп, өзара конкурстар өткізеді. Тазалығы, көркемдігі  ескеріледі. Тұрғындардың ән-жыр, күйден тұратын бағдарламалары, әрине, бірінші кезекте сынға түседі. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар