ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЕСКЕРУ КЕРЕК

10:49, 29 маусым 2020

Өскемен қаласы «Самал» саябағындағы су қоймасында ерекше шара өтті. Әсіресе, бүлдіршіндер суға түсіп қана емес, ойын ойнап сергіп қалды. Себебі, Төтенше жағдай департаментінің мамандары судағы сақтық шаралары мен ескерілуі тиіс ережелерді ерекше тәсілмен еске түсіріп, демалушыларға білмегендерін үйретті. Шара қалалық Төтенше жағдайлар мен Азаматтық қорғаныс басқармаларының ұйымдастыруымен іске асты. Жай ғана викториналық сұрақтар емес, танымды ақпарат беру. Шараның мақсаты осындай. Демалушылардың суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау, орындау, оларды біліп жүрулеріне бағытталды. Сұрақтарға дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар табысталды. Ал, қателескендерді ертегі кейіпкерлері су шашып «жазалады». Келушілердің көңілін көтеруден бөлек, түсіндірме жұмыстары да ең басты назарда. Шараға қолдау көрсеткен «Jas Otan» Жастар қанатының еріктілері. Олар жаз маусымында Мұндай акцияның болуы өте маңызды. Адамдар қандай жағдай болмасын абайлау керек. Мәселен, биылғы шомылу маусымы басталғалы бері 15 шығысқазақстандық көз жұмды. Оның 2-еуі балалар.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
14:15, 2 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...