ШҰҒЫЛ! ҒАЖАЙЫП ТАРИХИ КЕШЕН Толығырақ

ЕРЕКШЕ АЯЛДАМА

16:06, 16 мамыр 2018

Облыстық бас кітапхана маңайына бұрын-соңды болмаған, яғни, кітап сөрелерімен жабдықталған аялдама кешені орнатылды. Қала тұрғындарына алдағы уақытта дизайнер-жобалаушылар тағы қандай жаңалық әкелер екен, тілшілердің осы сұраққа жауап іздеген сюжетін көруге шақырамыз.

Өскеменде  кітап сөрелері қоса қағылған, өзіндік айтары бар тақырыптық негізді аялдама орнатылды. Кісі бойынан биік,  әлемдік классика жауһарларымен безендірілген.  

Аялдама павильонына кітаптар қойылды. Уақыт ұттырып, қоғамдық көлік тоқтағанша, оқуға болады. Кітап сөрелері таймермен, магнитті құлыппен жабдықталған.  Автоматты түрде таңғы сағат  8-де ашылып, кешкі 20-да жабылады.

Өскемен қалалық қоғамдық Кеңес төрағасының сөзіне қарағанда, келешекте орталықтың ажарын ашатын осы тектес бірнеше алдама кешендерін орнату жоспарланып отыр.

 

 

АСИРА НАЖМАДДИНОВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар