ШҰҒЫЛ! ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

ЭПИДБРИГАДАЛАР ҚҰРЫЛДЫ

14:12, 20 қараша 2020

Шығыс Қазақстан облысында коронавирустың таралуын болдырмау үшін кешенді шаралар қолға алынды. Аймақ басшысының тапсырмасымен мамандандырылған эпидбригадалар құрылды. Оның құрамында медициналық мекеме өкілі, полиция, санитарлық дәрігер, учаскелік полиция қызметкері бар. Мұндай бригадалар бірнеше терапиялық учаскелерге бөлінген. Глубокое ауылында бригада жұмысы қарқынды жүріп жатыр.Эпидбригадалар инфекция таралған ошақтарды аралайды. Бірінші кезекте науқастармен байланыста болғандарды анықтап, олардың 14 күн бойы үйден шықпай, оқшаулануларын талап етеді. Глубокое ауданында ұзын саны 20 бригада жұмыс істейді.Науқаспен байланыста болғандар үйге азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізіп беретін және ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізетін колл-орталықтардың нөмірлерін алады. Эпидбригаданың әр өкілі мамандығына байланысты өз құзіретіндегі сауалдарға жауап береді. Сонымен қоса оқшауланған, яғни, үйде карантинде отырғандар 3-ші және 12-ші күндері ПТР-тест тапсырады.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
17:08, 23 қараша 2020
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК СЫЙЛАҒАН КІТАПХАНА
Толығырақ...