ШҰҒЫЛ! АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІҢ ӘЛЕГІ Толығырақ

ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ

18:08, 11 сәуір 2019

2018 жылы елдегі кәсіпорындарда 1424 жазатайым оқиға орын алды. Салдарынан 1600 жуық азамат зардап шекті. Ал осы жазатайым оқиға көрсеткіші бойынша өңірде Семей қаласы өзге қалалар мен аудандарға қарағанда, алдыңғы қатарда. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік шараларын күшейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы келесі бейнематериалда. Статистикалық деректерге сүйенсек, елде еңбек ететін азаматтардың 23 проценті, облыста еңбектен нәсіп тауып отырғандардың 27,2 проценті қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында өңір өндірістерінде 39 жазатайым оқиға орын алған. Мұндай жағдай сонымен қатар шағын және орта кәсіпте, құрылыс салаларында да кездеседі. Кез келген мекеме, кәсіпорында еңбекті қорғау және қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында атқарылып жатқан кешенді жұмыстар ауқымды. Бүгінгі таңда республика көлемінде өндірістік жарақатты алдын алып, қызметкерлердің еңбек ету жағдайын тексеретін 14792 өндірістік кеңес жұмыс атқарады. Бұл ретте кәсіподақ ұйымдары мен техникалық инспекторлардың да алар орны өзгеше. Азаматтардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік органдар, әлеуметтік әріптестермен бірлесе отырып, 2019 жылды - «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы» деп жариялады. Облыстық мемелекеттік еңбек инспекциясы басқармасы осыған орай үшжақты комиссия отырысында ағымдағы жылы өткізілетін шаралар жоспары бекітілген Жол картасын әзірледі.

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БИЛЕРІ» ФЕСТИВАЛІ
14:03, 22 сәуір 2019
«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БИЛЕРІ» ФЕСТИВАЛІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар