ШҰҒЫЛ! Семинар өтті Толығырақ

ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЕЛГЕ ҮЛГІ

20:50, 27 қараша 2019

 Нұр-Сұлтанда халықаралық парлементтік конференция жұмысын бастады. Тақырып өзегі – «Президенттік институт: Қазақстандық модель». Жиын жылда жаңаша форматта ұйымдастырылады. Биыл Тәуелсіз Қазақстан туралы халықаралық деңгейде диалог болды. Келер жылы сәуірде Президенттік басқару институтының енгізілгеніне 30 жыл толады. Бұл жүйе жемісті болғанына бүгінде шүбә жоқ. Өйткені өткенге үңілсек елең-алаң кезеңде ішкі жалпы өнім 61 пайызға құлдырап, өнеркәсіп көрсеткіші 28 пайызға түсті. 200-дің үстінде ірі кәсіпорын тұралады. Ауыртпалығын халық көтерді. Елде 2 млн.нан астам адам жұмыссыз қалып, зейнетақы, жәрдемақы төлеу кешіктірілді. Осыдан кейін Жоғары кеңес пен Президент алдындағы екі жақты жауапкершіліктің тек бірін қалдыруға тура келді. Қабылданған шешімнің оң болғанын бір ғана көрсеткіштен байқауға болды. Мәселен 1993 жылы ішкі жалпы өнім 11 млрд теңге болса, биыл 180 млрдқа жетті. Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді ішкі ғана емес сыртқы саясатта да өткір көтере білді. Ядролық қарусыздандыру, экстремизм мен терроризмге қарсы күрес, Орталық Азияда аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты бастамалары халықаралық қауымдастықтың қолдауына ие болды. Конференцияға Әзербайжан, Болгария, Түркия, Қырғызстан, Моңғолия, Сербия, Франция парламентарийлерінің өкілдері қатысты. Сарапшылар қазақстандық даму моделінің ерекшеліктерін талай елге үлгі етуге болады дейді. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар