ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

20:53, 26 сәуір 2019

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазмырыш» ЖШС мыс зауытында болды. Жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы еңбек ұжымымен танысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мыс зауытында болды. Бұл «Қазмырыш» тарихындағы ең үлкен инвестициялық жоба. "Kazzinc Holdings" директорлар кеңесі төрағасы Никола Попович Президентті кәсіпорын жұмысымен таныстырып, кен базасын кеңейту жоспарларымен бөлісті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын ұжымымен кездесуінде «Қазмырыштың» елдегі индустриялық алпауыт болып қала беретінін айтты. Сонымен қатар өз сөзінде 2000 жылы Малеев кенішінде болғанын есіне алды. Қорытушы Сабырбек Мәулетов Президентпен кездесуді күткенін айтады. Ер азамат мыс зауытында 24 жыл тер төгіп келеді. «Қазмырыш» ұжымы Президентпен естелік суретке түсті. Айта кету керек, нақ осы зауытты 2010 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев онлайн режимде іске қосқан болатын.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар