ШҰҒЫЛ! ҒАЖАЙЫП ТАРИХИ КЕШЕН Толығырақ

«ӘМІРЕ» ФИЛЬМІ

15:20, 26 сәуір 2018

Өскеменде Мәдениет мұрағаттар және құжаттар басқармасының ұйымдастыруымен Париж аспанын әнге бөлеген Әміре Қашаубаевтың жарқын ғұмырынан сыр шертетін фильм тегін көрсетілді. Туындыда қазақтың тенор дауысты біртуар әншісінің 1925 жылы күллі әлемді тамсандырған қайталанбас жеңісі көрсетіледі. Көркем фильмді біздің телеарна тілшілері де тамашалап қайтты.

Ғалия Даниярова Өскеменге Алматы қаласынан қонаққа келген. Рухани құндылыққа толы фильмді тамашалап, әсер алған оның көңіл-күйі көтеріңкі. «Әміре көркем фильмін ұзақ күттім» - дейді ол.

ҒАЛИЯ ДАНИЯРОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

«Әміре бабамыздың өмірімен, шығармашылығымен жақынырақ танысқым келді. Өте қаунаштымн. Бүгін мен туған қалам -Өскемендемін».

Кинотеатрда ине шаншыр орын жоқ. Мектеп оқушылары, балалар үйінің тәрбиеленушілері, мемлекеттік мекемелердің басшылары бұл күні алтын дауыс иесі Әміре Қашаубаевтың образын көріп, тамсанды. Парижде ән салып, әлемді аузына қаратқан ұлы тұлғаны еске алып, көздеріне еріксіз жас алғандар да болды. Көркем фильмді тамашалауға аймақ басшысының орынбасары Әсем Нүсіпова келді.

ӘСЕМ НҮСІПОВА, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Біз бұл жерге адам толтыру үшін бәрін шақырған жоқпыз. Ел білсін әсіресе жастар білсін деген ниет. Айта кету керек, биыл Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Абай әлем» атты кітапты жарыққа шығаруды жоспарлап оырмыз. Сондай-ақ, биыл «Әміре» туралы  кітап жарық көреді».

Туынды әйгілі шығысқазақстандық музыкант Әміре Қашаубаевтың Парижде 1925 жылы өткен Экспо көрмесінде  көрсеткен өнеріне арналған.   Қазақ елінің мақтанышы қазылар алқасын таң қалдырып, екінші орынға қол жеткізген.

АЛЕКСАНДР ГАЛСАНОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТР ЖЕТЕКШІСІ:

«Бірегей фильм -Әміре. Қызықты оқиғаға толы екен. Қарапайым адам Париждегі Экспоға барып, үлкен жетістікке жетуі мақтанарлықтай. Өнер ол барлығымызға ортақ дүние. Сондықтан шын таланттар қашан да бағаланады». 

Естеріңізге сала кетсек, биыл әйгілі актер, музыкант, әнші Әміре Қашаубаев 130-ға келеді. Көркем фильм әлі де еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіліп жатыр. 

Арнұр Шакерханов

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар