ШҰҒЫЛ! Халық алдындағы есептік кездесу Толығырақ

Емдеудің жаңа мүмкіндіктері

17:02, 13 ақпан 2020

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мамандардың айтуынша денсаулық сақтау саласына тың серпін бермек.

Міндетті  әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында емделушілер ем-дом шараларын алғысы келетін медициналық мекемелерді таңдауға мүмкіндіктері бар. Мәселен, Шығыс Қазақстан облыстық көп салалы онкология және хирургия орталығына дертіне дауа іздеп  Алматы қаласының тұрғыны келген. Ағымдағы жылы МӘМС жүйесінің енгізілуімен Шығыс Қазақстан облыстық көп салалы онкология және хирургия орталығы мен медициналық-санитриялық алғашқы көмек ұйымдары арасында бірнеше келісім шарт жасалды. Мұндай жүйе зерттеу нәтижелеріне кететін уақытты шектеп, емделушіге арналған жеке ем-дом шараларын ерте бастап кетуге септігін тигізбек. Сондай-ақ мамандар міндетті  әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі медициналық қызметтің сапасымен қол жетімділігін арттыруға септігін тигізетінін айтады.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар