ШҰҒЫЛ! Ақылы демалыс Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛЕУЕТІ АРТАДЫ

19:30, 3 шілде 2019

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулерді мақұлдады.Мәжіліс төрағасының айтуынша Үкімет пен депутаттық корпустың мүшелері   түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек. Бюджетке енгізілген өзгерістер алдымен халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған. Индира Бегайдар жалғастырады.Президенттің тапсырмаларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз ету үшін тикелей инвестициялық қор құруға көзделген қаражаттың бір бөлігін қайта бөлу есебінен жүзеге асырылады. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, орталық және жергілікті органдар жұмысты үйлестіру керек, көмекті шын мұқтаж адамдар алуы тиіс. Бюджеттегі өзгеріске сай тікелей инвестицияларды тарту қорын құруға бағытталған 370 млрд. теңге қайта бөлініп, үш бағытқа жұмсалуы керек. «Несиеге ет жесең, сүйегі қарныңды теседі.»Депутаттар шекті мөлшерді 56 пайыздан төмендетуі тиіс. Онлайн кредиттердің жылдың пайызы 500-ге дейін жетеді. Осы түйткілді шешіп, қатаң бақылау жасалуы тиіс.Бөлінген қаражатты пайдаланудың тиімділігіне назар аударып, Мəжіліс депутаттары осы мəселені мұқият қарап, қол жеткізілген нəтижелерді талдауға ниетті. Бүгінгі жалпы отырыста төртінші сессияның жұмысы қорытындыланды. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, осы сессия барысында депутаттар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сессияның ашылуында қойған стратегиялық міндеттерге баса назар аударды. Президент-Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсету мақсатындағы бастамалары заңнамалық жұмыста көрініс тапты. Бұл әлеуметттің әлеуеті артады деген сөз.Бұл сессия Мәжіліс тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі болды. Осыған орай елімізге, халқымызға қажетті көптеген заңдар қабылданды, көптеген парламенттік шаралар өтті. Нұр-Сұлтан Депутаттық корпус, Үкімет, тиісті мемлекеттік органдар жұмыла жұмыс істеді. 13 «Үкімет сағаты» мен 2 парламенттік тыңдау, 14 көшпелі отырыс және 4 халықаралық конференция ұйымдастырылды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар