ШҰҒЫЛ! ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР ҚАЙТА ҚАРАЛАДЫ

20:00, 12 маусым 2019

Әлеуметтік төлемдердің көлемі қайта қаралады. Бүгін Мәжіліс депутаттары «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.  Елбасы тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленген құжат 2020 жылдан бастап мүгедектікке, асыраушысынан айрылуына және еңбекке қабілеттілігін жоғалтуына байланысты әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін орта есеппен 30%-ға арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін заң жобасында мемлекеттік сақтандыру қорынан төленетін 3 түрлі әлеуметтік төлемдерді тағайындау параметрлерін қайта қарастыру көзделеді. 2018 жылғы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне 5 жылдан көп қатысқан азаматтар саны 3 млн. 400 адамға жеткен, сондықтан бұл өзгеріс төлем алушыларға оң әсерін тигізбек.

Тақырып бойынша материалдар

Медицина қызметкерлері спартакиадасы
13:30, 14 маусым 2019
Медицина қызметкерлері спартакиадасы
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар