ШҰҒЫЛ! МЕДИЦИНА МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ЖАНДАНАДЫ Толығырақ

Әлеуметтік төлемдер артты

13:56, 9 қаңтар 2020

Елде тәуелсіздік алғаннан бері зейнетақы жүйесінде бірқатар реформалар орын алды. Ер азаматтар 63 жастан, әйелдер 58 жастан зейнеткерлікке шығып келсе, 2018 жылы заң жүйесінде орын алған өзгерістердің нәтижесінде әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасы өзгертілді. Кезең кезеңімен жүзеге асырылатын реформа нәтижесінде 2027 жылы әйелдер ерлермен бірге 63 жастан зейнеткерлікке шығатын болады. Сонымен қатар, Президенттің 2019 жылғы 2-ші қыркүйектегі жолдауында жүктелген міндеттер жүзеге асырылып, 1-ші қаңтардан бастап, әлеуметтік төлемдер мөлшері де артты. Осы және өзге де жаңалықтар жайлы келесі бейнематериалда. Бүгінгі таңда облыс орталығында 4 бірдей халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Әрқайсысына орта есеппен күніне 20-30 жуық зейнеткер  келеді. Жаңа технологиялардың қолданысқа енгізілуі азаматтардың уақытын үнемдеп, қажетті қызмет түрлерін бір жерден жылдам алуларына мүмкіндік берді. 2018 жылдың 5 қазанына бастап, бір арыз арқылы зейнет жасына жеткен 10 мыңнан аса тұрғын құжат рәсімдеген. Халыққа қызмет көрсету орталығында сонымен қатар зейнеткерлерге қажетті ақпарат беріп, мемлекет тағайындаған зейнетақы мөлшері туралы немесе жәрдемақыға қатысты кез келген сұраққа жауап беретін әлеуметтік төлемдер орталығының мамандары кеңес береді. Тағы бір айта кететіні биыл зейнетке әйелдер 59,5  жаста шығады. 2020 жылдың бірінші қаңтарынан бастап мамандар облыстағы 233 309 базалық зейнетақы төлемін алушыға еңбек өтілдерінің есепке алуына байланысты қайта есептеу жүргізді. Сонымен қатар облыстағы 40542 мүмкіндігі шектеулі азаматтың, асыраушысынан айрылуына байланысты 14 мыңнан аса тұрғынға тағайындалған жәрдемақы мөлшері артты. Өндірісте, қауіпті жерлерде еңбек ететін №1 және №2 тізім бойынша жәрдемақы алатын 5864 адамның төлемдері  көбейтілді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар