ШҰҒЫЛ! Семинар өтті Толығырақ

Әлеуметтік патруль

13:30, 25 қараша 2019

Шығыс Қазақстанда өткен аптада бірнеше күн ауа температурасы қатты төмендеп, саршұнақ аяз болды. Мұндай күндерде ауруханаларға үсік шалу оқиғаларымен келіп түсетіндер саны күрт өседі. Аялдамада қоғамдық көлікті ұзақ күтіп қалғандар немесе далада ұзақ жүріп тоңған тұрғындар көп. Әсіресе, басында үйі, үстінде жылы киімі жоқ адамдардың халі тіпті ауыр. Өмірлік қиын жағдайға тап болғандардың жайын әлеуметтік патруль мүшелері бұл кезде аса бақылауға алуда. Күнделікті көмекке дайын жандардың жұмысы мұндай ауа райында жылдам әрекет етуді талап етеді. Себебі, артылған сенім мол. Дер кезінде жәрдемдесіп, жауаптылық көрсетпесе соңы қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін. Жылу қазандықтары мен жылыту трассалары, жертөлелер үйсіздердің түнейтін орындары. Әлеуметтік көмек көрсетушілер оларды сол жерлерден іздеп тауып тиісті жерге жеткізеді. Орталықта бір жылға жуық уақыт тұра алады. Сол аралықта олардың құжаттарын реттеп, дәрігерлік көмек көрсетеді. Қажет болса зейнетақы мәселесі мен мүгедектігі бойынша алатын жәрдемақыларға да қол жеткізуге атсалысады. Өскеменде соңғы екі тәулікте сынап бағанасы минус 30-32 градусты көрсетті. Панасы жоқтарға оңай тимеді. Сыртта қалып үсік шалды немесе қазандықтарда жылынамын деп ыстық су құбырына күйді. Үсудің аз-ақ алдында қалған азаматтың бірі Игорь Чекменев. Кезінде кәсіби фотограф, электрик болған ол ащы суға салынып, барынан айырылған. Тағдырдың тауқыметін тартып, осындай күй кешкен.  Әлеуметтік көмек көрсету қызметкерлерінен басқа қарапайым тұрғындар да қалыс қалып жатқан жоқ. Шама-шарқы келгенше киім-кешек, азық-түлік беріп қол ұшын созғандар жетеді. Марина Кузьмина сондай жанның бірі. Оның айтуынша, бұл кісіні кеше түнде №1 қалалық ауруханасының маңында сағат он бір шамасында көрген. Таяқ ұстаған егде жастағы ер адам аялдамаға қарай беттеген. Ол уақытта қоғамдық көліктер тоқтап қалғандықтан, өтіп кете алмаған. Тіпті тәртіп сақшыларының тарапынан тұрғындарды жеткізіп тастаймын деген көлік иелеріне аялдамаларға тоқтауға рұқсат етілді. Бұл жерде бастысы – қалалықтардың амандығы.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар