ШҰҒЫЛ! ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ЖӨНДЕЛУДЕ

18:02, 26 маусым 2020

«Жұмыспен қамту – 2020» жол картасы мемлекеттік бағдарламасы аясында Риддер қаласында 34 жоба жүзеге асуда. Бұған республикалық бюджет есебінен 1 млрд 2 млн 793 мың теңге бөлінді. 390 жұмыс орны құрылды. Жоба толығымен аяқталар уақытқа дейін барлығы 30 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарда бар.

220 орынға арналған балабақшада қазіргі күні 100 бүлдіршін тәрбиеленуде.  Әлеуметтік мекеме меңгерушісі Ольга Щеглованың айтуынша, жөндеу жұмыстары 3-корпуста жүргізілуде. Ол іс сапалы әрі уақытылы аяқталатынына сенімді.  Жұмысшылар карантин талаптарын толығымен сақтап жүргенін айтты. Бағдарлама аясында 1961 жылы салынған  білім беру ошағының айналасы заман талабына сай қоршалды. Риддер қаласында қолға алынған 22 жоба әлеуметтік, мәдени орындардағы ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстарына бағытталған. 12 жоба аббаттандыру мен тұрғын-үй кешені және көлік инфрақұрылымын жаңалауға негізделген. Жоспар бойынша барлық жұмыстар күзде аяқталады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар