ШҰҒЫЛ! Салыққа салғырт қарамаңыз Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК МІНДЕТТЕР ШЕШІЛЕДІ

18:42, 9 қазан 2019

Әлеуметтің әлеуетін арттыруды көздейтін құжат мәжілісте мақұлданды. Атаулы әлеуметтік көмек беру үшін бюджетке тағы түзетулер енгізілді. Бөлінген қаржы бос жатпай, ел экономикасы үшін жұмыс істесе, талай түйткілді шешуге болар еді. Сорақысы сол, атқарылған жұмыстары туралы ауыз толтыра айтып, желпіне сөйлейтін шенеуніктер қаржыны игере алмай жүр. Бұрын олар депуттардан сын естіп қайтса, енді заң алдында жауап береді. Стратегиялық жоспарды дұрыс құрып, қазына қаржысына манипуляция жасауды тоқтату керек. Ауылдағы ағайын ауыз суға зәру.  Шығыс Қазақстандағы Аягөз қаласы мен бірнеше ауылға таза ауыз су тарту үшін былтыр қазынадан 2 милиард 600 миллионнан аса теңге бөлінген. Алайда су тек бір ауылға ғана жеткен. Бұл бір ғана мысал, ауыз суға бөлінген қаражат тиісті жеріне жетпейді. Неге? Бұл сұрақ бізді де, көрерменді де, депутаттарды да мазалайды. Жауыр болған жауап. Тарыдай күмән, таудай күдік бар.  Жастар жылының ашылуы рәсімінде Елбасы «Жас маман» бағдарламасын дайындау үшін Үкіметке тиісті тапсырмалар берген. Қазіргі таңда өңірлерде 100 қажетті мамандық бойынша  маман оқытылуы керек еді. Алайда осы бағыттағы қажетті шаралар іске асырылмады, бюрократия бар деген сөз. Жалпы түзетулердің нәтижесінде атаулы әлеуметтік  көмек пен медициналық қызметтерді қосымша қаржыландыруға деген қажеттілікті қамтамасыз етуге, экономика өсіміне екпін беретін қосымша өсім көздерін құруға мүмкіндік береді. Әлеуметтік шығыс бюджеттің 45 пайызына жетпек. Жауапты мамандардың мәліметінше даму болжамының көрсеткіштері сақталады. Жұмысшылардың еңбекақысын өсіруге, жылу энергетикасы мен көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше мән беріледі. «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй және инженерлік желілер құрылысы жанданады. Депутаттар 2019-2021 жылдарға арналған бюджет туралы заңға түзетулерді мақұлдады. Мемлекет қаражаты процесс үшін емес, нақты нәтиже үшін жұмсалмақ. Өйткені судың да сұрауы бар.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар