Әлеуметтік қызмет көрсету концепциясы өзгереді

21:42, 4 қыркүйек 2017

ШҚО-да психо-неврологиялық аурулармен ауыратын балаларды бағып-күтетін күтушілер оқытылатын болады.

Сонымен қатар, әлеуметтік қызметкерлер де есту және сөйлеу қабілетінен айырылған жандармен тіл табысу үшін арнайы әзірленбек. Бұл еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жасаған арнайы бағдарламасының аясында жүзеге аспақ.

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіндегі бұл жаңашылдық алғашқы қолға алынған жұмыс емес. Бұған дейін де қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру үшін талай жобалар жүзеге асқан. Жоғары да айтылған жобалар тек тұрғындар арасындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға мейлінше көмектесу үшін жасалуда. Тағы бір тың жаңалық. Мемлекеттік мекемелерден көмек алғысы келген азаматтар жайлы ақпараттар алдын ала белгілі болмақ. Үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың белсенді жұмысының арқасында, облыс аумағында арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін мамандандырылған жеке орталықтар құрылады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар