ШҰҒЫЛ! Жүйелі ақпарат заманы Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ӘЛСІРЕМЕУІ КЕРЕК

09:07, 7 қараша 2019

Қаржы халықтың ең маңызды мәселелерін шешуге жұмсалуы тиіс. Бүгін мәжілістің жалпы отырысында Нұрлан Нығматулин осылай деді. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы, мемлекетік басқаруды жетілдіру және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру туралы заң жорбасына енгізілуі мүмкін өзгерістерде салық салу жүйесіне байланысты мәселелер қаралған. Мәселен, шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджетке берілмек. Яғни өңірлердің кірісі өседі. Бұл кәсіпкерліктің дамуына да оң ықпал етпек. Мәжіліс спикері бірінші оқылымдағы барлық ұсыныстарды әлі де зерттеп, барлық болуы мүмкін олқылықтардың алдын алуды тапсырды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар