ШҰҒЫЛ! Қалаға шығу және кіру шектелді Толығырақ

Әлеуметтік көмек

16:14, 20 наурыз 2020

Бородулиха ауданында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардағы балаларды керек-жарақпен қамту жұмыстары белсенді жүруде. Оларға мектеп формасына, аяқ киімдерге, ыстық тамаққа қаражат бөлініп, әлеуметтік пакеттер ұсынылды. Бұл туралы аудан әкімдігінде өткен жиында айтылды.

Бородулиха ауданында көпбалалы және аз қамтылған жанұялардағы, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнап 17 млн теңге бөлінеді. Бұл санатқа 962 оқушы кіреді. Толықтай мектеп формасымен қамту құны 18 мың теңге. Жиын барысында бір жастан алты жасқа дейінгі балалары бар жағдайы төмен отбасыларға кепілді әлеуметтік пакеттің берілу жайы да талқыланды. Азық-түліктер мекенжай бойынша айына бір рет, тұрмыстық химиялық заттар үш айда бір рет жеткізіледі. Жеткізілетін әлеуметтік пакеттердің сапасын арнайы комиссия бақылайды. Енді оның құрамына көпбалалы аналар да кіреді. Олардың міндеті көмектің уақытылы жеткізілуі мен заттардың жай-күйін тексеріп, қадағалау.

 

Тақырып бойынша материалдар

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 12 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
22:07, 3 сәуір 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 12 НАУҚАСТЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
16:14, 31 наурыз 2020
ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫНА ҮСТЕМАҚЫ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
14:15, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...