ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕАРНА МЕРЕЙТОЙЫ Толығырақ

ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА

16:05, 15 мамыр 2018

Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы - Қазақстан экономикасын дамытуға негізделген маңызды құжат. Біріншіден, әлеуметтің әлеуетін арттырудағы үлкен қадам. Халықтың тұрмысын түзетуде өз лебін әкеледі дейді сарапшылар. Қолжетімді баспана мәселесіне тиесілі бағдарламадан өзге білім сапасын арттыруға да айрықша көңіл бөлінген.

ГҮЛЖАН СӘРСЕНБАЕВА, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ДОЦЕНТ:

 

- Жоғары білім сапасын арттыру үшін әуелі студенттердің академиялық еркіндігін кеңейту  көзделген. Өмір сүру сапасы деңгейіне аса көңіл бөлініп отыр. Жалпы алғанда, Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы тек студенттердің ғана емес, тұтастай адамзаттың әлеуметтік, экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған. Әрбір қазақстандық осыған қарап, өзінің болашағын бағдарлай алады деген ойдамын.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар